Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан дзюдошылары Антальядағы Гранд Слэмде күреседі

26.03.2024, 19:17

Жарысқа Абиба Абужақынова мен Нұрқанат Серікбаев қатысады

Қазақстан дзюдошылары Антальядағы Гранд Слэмде күреседі
olympic.kz

Дзюдодан Түркияда өтетін кезекті Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрама мүшелері белгілі болды. 29-31 наурыз күндері Антальяда өтетін аталған сында елімізден 20 дзюдошы бақ сынамақ.

Олардың арасында ерлер құрамасынан 9 балуан белдессе, әйелдерден 11 балуан сынға түседі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, Тбилисиде топ жарған Нұрқанат Серікбаев та осы жарысқа қатысады. 

Ерлер құрамасы сапында Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Ермахан Әнуарбеков (90 келі), Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев (100 келі), Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) күреседі.

Ал әйелдер құрамасында Абиба Әбужақынова, Диана Буркеева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова (63 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина (78 келі), Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова (+78 келі) өнер көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам