ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Тарихта бірінші: Мөлдір Жаңбырбай каратеден әлем чемпионы атанды

30.10.2023, 10:46

Қазақстандық каратешілер бұрын-соңды мұндай жетістікке жетпеген

Тарихта бірінші: Мөлдір Жаңбырбай каратеден әлем чемпионы атанды
Фото ашық дереккөзден

Венгрия астанасы Будапештте каратеден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Мөлдір Жаңбырбай жеңімпаз атанды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз шығыс жекпе-жегінен өткен сында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көш бастаған. Әрі ол каратеден Қазақстан спортшылары арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы атанып отыр. 

Сондай-ақ, ол таяуда ғана Қытайда аяқталған Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын.

Бұдан бөлек, каратешілер арасында 60 келіде Қайсар Алпысбай күміс, Дидар Әмірәлі 67 келіде қола жүлдені құрама қоржынына салды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам