ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Допинг дауына ілінген қазақстандық әлем чемпионы айыптан аман құтылды

30.10.2023, 17:46

Оның жеке нәтижесі әлемдегі 3000 метрге кедергілермен жүгірушілердің үздік үштігіне кіреді

Допинг дауына ілінген қазақстандық әлем чемпионы айыптан аман құтылды
Фото ашық дереккөзден

Сәуір айында допингпе қатысты дауға ілінген қазақстандық легионер спортшы Тануи Нора Джеруто толығымен ақталды. Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы қатарын толықтырған ол былтыр әлем чемпионы атанған болатын.

Оның допинг сынамасын тексеру кезінде тыйым салынған препараттар табылғаны айтылған. Осыған байланысты Нора Джеруто барлық жарыстардан шеттетілген еді.  

«Клубымыздың спортшысы Тануи Нора Джеруто өзіне тағылған допингке қатысты барлық айыптардан толығымен ақталды. Ол егемен Қазақстан тарихында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіл атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы. Ал 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында бұл жақсы жаңалық болып отыр. Себебі Нораның жеке нәтижесі әлемдегі 3000 метрге кедергілермен жүгірушілердің үздік үштігіне кіреді», - деп жазылған altayathletics клубының ресми парақшасында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам