Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Әлем чемпионатының жүлдегері Ғұмар Қырғызбаев бапкерлікке ауысты

28.03.2024, 18:20

Оның сыңары Ғұсман Қырғызбаев дзюдо күресінен әлі де ұлттық құрамада күресіп жүр

Әлем чемпионатының жүлдегері Ғұмар Қырғызбаев бапкерлікке ауысты
fdk.kz

Дзюдо күресінен әскерилер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері болған Ғұмар Қырғызбаев енді қазақ күресінен ұлттық құраманың аға бапкері болып тағайындалды.

Ол 1992 жылдың 28 қыркүйегінде Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Диханкөл ауылында дүниеге келген.

2010-2014 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында оқыған. Спортшы ретінде біраз жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, әр жылдары қазақ күресінен Азия чемпионы (2012 ж.), Халық ойындарының жеңімпазы (2014 ж.), ұлттық спорт түрлері фестивалінің жеңімпазы (2015 ж.), дзюдодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы (Қарағанды, 2016 ж.), әскерилер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (Кытай, 2016 ж.), Еуропа кубогының қола жүлдегері (Болгария, 2023 ж.) болды.

Сыңары Ғұсман Қырғызбаев дзюдо күресінен әлі де ұлттық құрамада күресіп жүр. 2021 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам