Екеуі – күміс, біреуі – қола
Қазақстандықдық көркем гимнастшы Айбота Ертайқызы Францияның Тье қаласында өткен Гран-при турнирінде үш медаль иеленді.
Отандасымыз шығыршықпен жаттығу финалында 32.7 ұпаймен күміс медаль иеленсе, доппен жаттығуда (32.4 ұпай) үздік үштікті түйіндеді. Сонымен қатар, Айбота таспамен жаттығу финалында екінші орынға табан тіреп отыр.
Айта кетелік, Айбота Ертайқызы биылғы маусымда өзі қатысқан турнирлердің барлығында жүлдегерлер қатарына қосылған.
Сондай-ақ, спорттық гимнастикадан Анталья қаласында өткен Challenge Cup санатындағы әлем Кубогы кезеңінде қол тіреп секіру жаттығуында Асан Сәлімов 14.300 ұпаймен топ жарды. Бұдан бөлек, гимнастикалық ат снарядында бақ сынаған ұлттық құрама үздігі Нариман Құрбанов 14.850 ұпаймен күміс медаль иеленді.