Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, Ризабек Айтмұқан үмітін үзді

19.04.2024, 19:04

Ол жартылай финалда этникалық қазақпен күресті

Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, Ризабек Айтмұқан үмітін үзді
olympic.kz

Еркін күрестен Бішкекте өтіп жатқан лицензиялық турнирде 97 келіде өнер көрсеткен Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайлық балуанды жеңіп, финалға жолдама алды.

Финалға шығар жолда жерлесіміз Азия чемпионы – этникалық қазақ Әбдусайман Хабиламен күресті. Тартысты өткен белдесу 3:2 есебімен Әлішердің пайдасына аяқталды.

Жарыс ережесіне сәйкес, финалға шыққан балуандар Париж Олимпиадасына жолдама алады. Демек, дәл осы салмақта күресетін екінші қазақстандық балуан – әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан төртжылдықтың басты бәсекесіне бару мүмкіндігінен айрылды.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрес балуандары Азамат Дәулетбеков пен Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада лицензиясын алып үлгерген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам