Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Сахара шөлін жүгіріп өткен жалғыз марафоншы Марат Жыланбаев сотқа протест ретінде аузын тігіп тастады

03.11.2023, 08:23

Соңғы рет оның қамау мерзімі 20 қазанға дейін ұзартылған еді

Сахара шөлін жүгіріп өткен жалғыз марафоншы Марат Жыланбаев сотқа протест ретінде аузын тігіп тастады
Азаттық

Африка, Азия, Аустралия және Америка құрлықтарындағы шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өткен даңқты марафоншы Марат Жыланбаев Астанада сотталып жатқаны белгілі. Кеше ол кезекті сот отырысы барысында аузын тігіп тастағанын мәлімдеді деп жазады «Азаттық» радиосы.

Сайт тілшісінің жазуынша, Марат Жыланбаев ашық әрі әділ сот талап еткен. Ол – «Алға Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық ұйымының жетекшісі.

Ақпаратты адвокаты растағанмен өзі процесте отырғандықтан мән-жайды толық түсіндіре алмады.

Астана қаласының қылмыстық атқару жүйесі департаменті Марат Жыланбаевтың аузын тігіп тастағанын растады.

«1 қарашада сотталушы Марат Жыланбаев аузын жіппен тігіп, тамақтан бас тарту туралы арыз берген. Ол өз әрекетін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2 қарашаға белгіленген сот отырысынн жабық өткізу туралы шешімімен келіспейтіндігімен түсіндіреді. Оның мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне шағымы жоқ. Сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы Марат Жыланбаев тігісін алып тастады», - деп жазылған ҚАЖД хабарламасында.

Департаменттің хабарлауынша, Марат Жыланбаевтың жағдайы қанағаттарлық, денсаулығына шағым жоқ. «Ол қосымша тексерулерден және медициналық мамандардың кеңесінен бас тартты» деді департамент өкілдері.

30 қазанда Астанада Марат Жыланбаевтың соты басталған еді. Алғашқы отырыста судья аты-жөндері аталмаған куәгерлердің өтінішін алға тартып, сотты жабық еткен еді. Қорғау тарабы сотқа сенімсіздік білдіргенмен өтініші кері қайтарылған.

Сол сотта Марат Жыланбаев сот процесін ашық жүргізуді сұраған.

«Сотты жабық өткізу - заңға, конституцияға қайшы. Ешқандай тәртіп бұзған жоқпын, мұны сотта дәлелдегім келеді. Егер жабық сот болатын болса, мені "қанша берсе" сонша уақытқа қамайды»,- деді ол.

Қазір белсендінің соты ақпарат құралдарының қатысуынсыз жабық өтіп жатыр. Бұған дейін құқық қорғаушылар мен белсенділер "саясиланған іс бойынша" соттың жабық өтуін сынаған.

Кейінгі кезде билікті қатаң сынап, бейбіт акцияларға қатысып келген 60 жастағы белсенді Марат Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" және "экстремистік ұйымды қаржыландыру" баптары бойынша күдікке ілініп, мамыр айында қамалған. Соңғы рет оның қамау мерзімі 20 қазанға дейін ұзартылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам