Қазақстан дзюдошылары Grand Slam турнирінен тағы да алтынсыз қалды

Telegram WhatsApp

Қоржында бір күміс, екі қола медаль бар

olympic.kz
olympic.kz

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдо күресінен Grand Slam турнирі аяқталды. Қазақстан спортшыларына тағы да алтын бұйырған жоқ.

Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта күрескен Камила Берліқаштың қола жүлдеге мүмкіндігі болған. Бірақ польшалық балуандармен белдесуі сәтсіз аяқталды.

Ол алдымен жартылай финалда Кинга Волчакқа есе жіберсе, кіші финалда оның отандасы Урсула Хофманнан ұтылды.

Сөйтіп, ұлттық құрама алғашқы екі күндегі 1 күміс, 2 қоламен қайтты. Жүлдегерлер Мағжан Шамшадин (60 келі) – күміс, Дархан Қойбағар (73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (81 келі) қола медаль жеңіп алған.

Жалпы, Қазақстаннан жарысқа 18 (13 ер, 5 әйел) балуан барған.

Енді Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam турнирі 10-12 мамыр аралығында Астанада өтеді.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 53 502 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 200 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 464 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 513 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 268 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 153 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 262 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 796 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 493 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 307 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 294 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 460