Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Украинадағы соғысты қолдаған Абдулрашид Садулаев Олимпиадаға барудан үмітін үзбейді

05.05.2024, 17:20

Путин режимі 2022 жылдың ақпанынан бері Украинада басқыншылық соғысын жүргізіп келеді

Украинадағы соғысты қолдаған Абдулрашид Садулаев Олимпиадаға барудан үмітін үзбейді
Известия

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев алтыншы рет Ресей біріншілігінде топ жарды.

Ол 97 келіге дейін салмақтың финалында Алихаг Жабраиловты жеңді. Жарыстан кейін спортшы Олимпиада туралы пікір білдірді.

«Егер Олимпиадаға қатысып жатсам, жанкүйерлер басқа Абдулрашидты көретін болады. Кілемде жеңімпаз болу үшін бар күшті салу қажет. Менің күресте жүргенім алғашқы жыл емес, сондықтан тәжірибем жеткілікті», — деді Садулаев тілшілерге берген сұхбатында.

Бұған дейін 97 келіде Бакуде өткен іріктеу турниріне Садулаевтың қатысуына Халықаралық Олимпиада комитеті шектеу қойған еді. Өйткені ол Украинадағы соғысты қолдаған болатын. Оның орнына Алихан Жабраилов қатысып, Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам