1bol.kz тілшісі аталған жарыстан эксклюзивті сұхбаттар таратады
Абу-Дабиде дзюдодан басталған әлем чемпионатында қазақстандық екі дзюдошысы жарыстың алғашқы кезеңінде жеңіске жетті.
Ерлер арасында 60 келіде татамиге шыққан Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Вьетнам балуаны Чу Дук Датты ұтты.
Екеуара кездесуде балуандар бір-біріне нәтижелі әдіс жасай алмады. Алайда, қос дзюдошы алғашқы екі минутта 2 шидодан алып, соңғы сәтте вьетнамдық спортшы белсенді болмағаны үшін төреші тарапынан ескерту алып, жеңілуге мәжбүр болды. Осылайша Сметов екінші айналымға өтті.
Сонымен бірге, әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаева Бразилия балуанын ұтты. Ол кездесуде вазари ұпайын иеленіп, қарсыласын қапы қалдырды.