Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Сақал өсірген күрес бапкері терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінді

03.07.2024, 00:18

Тергеу Исматзоданы қамауға алуды талап етіп отыр

Сақал өсірген күрес бапкері терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінді
mos.ru

Мәскеуде террористік қызметке көмектесті деген күдікпен еркін күрестен Ресейдің жастар құрамасының бапкері Алишер Исматзода ұсталды.

Жуық арада сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қабылдайды. Тергеу Исматзоданы қамауға алуды талап етіп отыр.

Жаттықтырушыға тағылған айыптардың мән-жайы әлі айтылған жоқ. Ресейдің спорттық күрес федерациясы оның ұсталғанын растады.

Ресей жастар құрамасынан бөлек Алишер Исматзода Мәскеудегі №1 олимпиадалық резервтің арнайы орта мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеп келген.

Бұған дейін ол Ресейдің жасөспірім қыздар құрамасын, сондай-ақ Мәскеудің жасөспірімдер құрамасын жаттықтырды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам