Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Отандық ушу шеберлері АҚШ-та өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

21.11.2023, 15:38

Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама 16-орын иеленді

Отандық ушу шеберлері АҚШ-та өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан спортшылары АҚШ-тың Даллас қаласында ушудан өткен әлем чемпионатында 1 күміс, 3 қола медальды жеңіп алды.

Ушудан 16-шы рет өткен әлем чемпионаты спортшыларымыз үшін оңай болмады. Соған қарамастан 90 келіден жоғары салмақта Нұрсұлтан Тұрсынқұлов финалға дейін жетіп жығылды. Ал 75 келіде Ақниет Марат, Бексұлтан Қоскенова (65 кг), Ислам Кәрімов (56 кг) қола жүлдені құрама қоржынына салды.

Техас штатында ұйымдастырылған биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте АҚШ-пен бірдей нәтиже көрсетіп, 16-орынға тұрақтады.

Бұған дейінгі әлем чемпионаты 2019 жылы Шанхай қаласында өткен болатын. Сол жолы ұлттық құрама мүшесі Ислам Кәрімов 52 келіде сынға түсіп, қола жүлдемен елге оралған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам