 
                Өзге құрамалар да Парижге аттанатын спортшыларының киімдерін таныстырып үлгерді
 
                Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына екі аптадай уақыт қалды. Кеше ғана Қазақстан құрамасының киімі таныстырылып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға табыстады.
Бұл күндері өзге құрамалар да Парижге аттанатын спортшыларының киімдерін таныстырып үлгерді. Еуропаның көптеген елі Nike және Adidas компанияларымен келісімшартқа отырған. Бірақ арасында сән үйлері мен жекелеген дизайнерлердің көмегіне жүгінгендер де бар.
Осы орайда Париж олимпиадасында қай құрама қандай киіммен шығатынына шағын шолу жасап көрдік.
Германия формасы. Фото: dosb.de

Жапония формасы. Фото: instagram.com/teamjapanjoc

Австралия формасы. Фото: Reuters

Канада формасы. Фото: Reuters 
Түркия формасы. Фото: adidas.com

Ұлыбритания формасы. Фото: adidas.com

Украина формасы
Өзбекстан формасы