Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ресейдің бұрынғы мәнерлеп сырғанаушысы Қазақстан паспортын көрсетті

25.07.2024, 13:18

Былтыр Мәскеу тумасы еліміздің азаматтығын алған

Ресейдің бұрынғы мәнерлеп сырғанаушысы Қазақстан паспортын көрсетті
әлеуметтік желі

17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан азаматтығын алғалы бері алғаш рет төлқұжатын көрсетті.

Естеріңізде болса, былтыр Мәскеу тумасы еліміздің азаматтығын алған. «Астана» сапында өнер көрсетіп жүрген спортшы жуық арада Қазақстан атынан халықаралық аламандарға қатыса алады. 

16-17 шілде аралығында Қарағандыда өткен ел біріншілігінде топ жарған Самоделкина Ресей астанасына аттанған. Енді ол Шереметьево әуежайында Қазақстан паспортын сүйіп тұрған суретін жариялады. Жанкүйерлер ол Қазақстанға жол тартты деп болжап отыр. 

Айта кетейік, Қазақстанның мәнерлеп сырғанау одағының атқарушы директоры Надежда Сәдуақасова спортшы ел біріншілігінде үздік үштікке енсе, онда оның ұлттық құрамаға мезгілінен бұрын алынуы туралы ұсыныс жасалатынын айтқан. Бұл дегеніміз Самоделкина Гран-придің келесі кезеңінде-ақ ұлттық құрама сапында өнер көрсете алады дегенді аңғартады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам