Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

«Тоқаев үйден тамашалайды»: Макрон қырғыз президентін Олимпиаданың ашылуына шақырды

25.07.2024, 12:42

Садыр Жапаров Францияға жұмыс сапарымен барады

«Тоқаев үйден тамашалайды»:  Макрон қырғыз президентін Олимпиаданың ашылуына шақырды
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

25-27 шілдеде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Франция президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Францияға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлімдеді.

«Алдағы 25 шілдедегі сапары аясында президент Садыр Жапаров Париждегі «Спорт орнықты даму үшін. Тезірек, жоғарырақ. Күштірек – бірге кемел болашақ үшін» деп аталатын саммитке қатысады деп күтілуде. Бұл шара барысында мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының балаларының, болашақ спортшыларының және келешек ұрпақтың денсаулығы мен біліміне деген адалдығын растайды. 26 шілдеде Садыр Жапаров XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады», - деді Азымбакиев.

Айта кетейік, бұған дейін Ақорда тарапынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижде өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатына қатыспайтыны айтылған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам