Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

11 жасар спортшы Париж олимпиадасында бақ сынайды

26.07.2024, 11:33

Чжэн 2021 жылы 8 жасында Қытайдың ұлттық ойындарына қатысқан

11 жасар спортшы Париж олимпиадасында бақ сынайды
Gettyimages.ru

Қытайлық скейтбордшы қыз Чжэн Хаохао Париждегі Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді. Ол төртжылдықтың бас додасындағы ең жас қатысушы атанбақ.

Championat мәліметше, спортшының жасы небәрі 11-де.
Чжэн 2021 жылы 8 жасында Қытайдың ұлттық ойындарына қатысып, 14-орын алған болатын. Ал 2023 жылы Будапештте өткен іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды.

Ал Париждегі аламанда ең егде жастағы қатысушының жасы 65-те. Испаниялық Хуан Антонио Хименес Кобо ат спортынан бақ сынайды.

Жалпы, Қытай атынан Олимпиада ойындарына 388 атлет қатысады, олар 33 спорт түрінен бақ сынайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам