Енді жартылай финалға шығу үшін белдеседі
Дзюдодан қыздар арасында 48 келіде өнер көрсететін Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол тайваньдық қарсыласын небәрі 19 секундта таза жеңді.
Осылайша Абиба ширек финалға жолдама алды. Ал, оның қарсыласы Лин Чэн Хао Абибаның жеңісін күтеді. Қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шыққан жағдайда ол да қола жүлде үшін таласып көрмек.
Айта кетейік, бірінші белдесуде Әбужақынова израильдік Шира Ришонды 1:0 есебімен жеңген болатын.