Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Елдос Сметов: Халқымды қуантудан артық бақыт жоқ

27.07.2024, 22:35

Балуан мүмкін емес нәрсе жоқ екеніне көз жеткізді

Елдос Сметов: Халқымды қуантудан артық бақыт жоқ
Сали Сабиров

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жетістікке жету жолында барлық қиындықты жеңуге болатынын айтты. 

"Мүмкін емес нәрсе жоқ. Соған көзім жетті. Егер ниет болса, бәрін де жеңуге болады. Бәрі де қолдан келеді екен.

Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалып, жекпе-жек түрлерінен қазақтан Олимпиада чемпионы шықты. Өте қуаныштымын!

Өзімнің үшінші мүмкіндігімде чемпион атандым. Бұған дейін күмісті де, қоланы да алдым. Әлем чемпионы атандым. Халқымды қуантудан  артық бақыт жоқ",-  деді Сметов. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жергілікті балуан Лука Мхеидзені жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам