“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Өзбек дзюдошысынан жеңілген Ута Абэ көз жасын тоқтата алмады (ВИДЕО)

28.07.2024, 15:25

Ол татамиде барынша сабыр сақтап, эмоциясын білдірмеген

Өзбек дзюдошысынан жеңілген Ута Абэ көз жасын тоқтата алмады (ВИДЕО)
Photo AFP © JACK GUEZ

Даңқты жапон дзюдошысы Ута Абэ өзбекстандық Диора Келдиоровадан жеңіліп қалғаннан кейін көз жасына ерік берді. Оны тіпті, бапкері де жұбата алған жоқ.

Абэнің жылайтынындай бар. Ол осы Олимпиаданың басты фавориті саналған еді. Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған жапон қызы Токио Олимпиадасының чемпионы. Өзбек дзюдошысы оны иппон әдісімен жеңді.

Абэ татамиде барынша сабыр сақтап, эмоциясын білдірмегенімен, бапкерінің жанына барғанда өкіріп қоя берді. Залға жиналған жанкүйерлер болса оны шапалақпен шығарып салды.

Айта кету керек, Келдиорова әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам