“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Өзбек дзюдошысы әйгілі Ута Абэні жеңіп, Олимпиада сенсациясын жасады

28.07.2024, 14:54

Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы болған

Өзбек дзюдошысы әйгілі Ута Абэні жеңіп, Олимпиада сенсациясын жасады
AP

Париж Олимпиадасында кезекті сенсация тіркелді. Дзюдодан қыздар арасында 52 салмақ дәрежесінде жарыстың басты фавориті саналған жапон Ута Абэ өзбек балуанынан жеңіліп қалды.

Олимпиаданың бірінші айналымын сәтті бастаған Абэ канадалық спортшыны ұтқан болатын. Алайда, екінші белдесуінде өзбекстандық Диора Келдиоровадан күресте иппонға түсіп, жарыс жолын аяқтады. 

Өзбекстан балуаны әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Ал, бұл турнирде спорт сарапшылары Жапония спортшысын Олимпиада чемпионы атанады деп болжам жасаған болатын.

Татамиде өзін салқынқанды ұстаған Келдиорова әдісті соңына дейін орындап, күншығыс елінің балуанының жауырынын жерге тигізді.

Бұл салмақта Қазақстан құрамасынан балуандары күреспейді. Сондай-ақ, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев алғашқы айналымда жеңіске жетті. Енді ол Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Ан Ба Улмен күреседі

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам