Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Бұл менің соңғы Олимпиадам – Ғұсман Қырғызбаев

28.07.2024, 21:32

Ол сегіз жыл бойы 60 келіде күресіп келген еді

Бұл менің соңғы Олимпиадам – Ғұсман Қырғызбаев
olympic.kz

Дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаев жазғы ойындарды қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.

«Бұл менің соңғы Олимпиадам. Жасым 32-ге келді. Сондықтан, бар күшімді осында тастадым. 

60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада жолдамасы 66 келіде қолға түсті. 

Бүгінгі белдесулерге келер болсам, жартылай финалдағы бразилиялық жігіт басқалардан мықты дей алмаймын. Білмедім, жартылай финалда босаңсып кеттім бе... Екі ескерту бергені де ойда тұрды, кеңінен көсіле алмадым. 

Ан Баулға келер болсам, соңғы екі әлем чемпионатында соған жол бердім. Валид Хиярдан да ұтылдым. Испандықты да бұрын жеңген емеспін. Бүгін бәрінен есем қайтты десем, артық емес.

Қола медальға таласқан сербиялық спортшы өте мығым екен. Бойы ұзын. Оңай  болмады. 

Міне, көптен күткен Олимпиада медалі қоржынға түсті. Бұл жеңісті қазақ еліне, ата-анам, әйелім мен балаларыма арнаймын», - деді Ғұсман. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдошылар Қазақстан қоржынына екі медаль салды. 60 келіде Елдос Сметов чемпион атанса, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам