Қазақстандық атлет 23,7 секунд нәтиже көрсетіп, соңғы орын алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден Олимпиада ойындарын аяқтады.
Қазақстандық атлет 23,7 секунд нәтиже көрсетіп, соңғы орын алды. Олимпиада қорытындысы бойынша, жұбаныш раундында тек көшбасшылар медальге таласуға мүмкіндік алады.
Естеріңізде болса, іріктеу кезеңінде Ольга Сафронова 23,58 секунд нәтижемен финалға тікелей жолдама ала алмаған. Еліміздің туын ұстап шыққан жеңіл атлет бастапқыда әйелдер арасында 200 метрге жүгіруде алтыншы орында келе жатқан, алайда мәре сызығының алдында Швецияның спортшысы оның алдын орап кетті. Осылайша, 23.58 секундпен жетінші орынға жайғасты.
32 жастағы спортшы үшін Париждегі төртжылдықтың бас додасы - карьерасындағы төртінші олимпиада.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.