Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Ғұсман Қырғызбаевтың арқасында сыңары Ғұмар Қырғызбаевқа да әскери атақ берілді

07.08.2024, 00:09

Ағайынды бауырларға әскери атақты министр Руслан жақсылықовтың өзі тапсырады

Ғұсман Қырғызбаевтың арқасында сыңары Ғұмар Қырғызбаевқа да әскери атақ берілді
kaznu.kz

Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Осыған дейін ол аға лейтенант болған. Ғұсман Қырғызбаев – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

«Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі», - деді Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевқа «капитан» әскери атағын Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тапсырмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам