“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Демеу Жадыраев финалға шыққан сәтте тағы бір ауылда асфальт төселді (ВИДЕО)

07.08.2024, 01:14

Отандасымыз финалда жапониялық балуанмен белдеседі

Демеу Жадыраев финалға шыққан сәтте тағы бір ауылда асфальт төселді (ВИДЕО)
olympic.kz

Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанған соң Тараз қаласының әкімдігі спортшы тұратын көшеге асфальт төсегені желіде қызу талқыланған болатын. Бүгін бұл тақырып мемге айналып, қайта жалғасты.

Бүгін грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев (77 кг) финалға шыққан болатын. Бұл жаңалыққа ерекше қуанғандардың бірі – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев. Қазір Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Instagram-парақшасында алдымен Жадыраевтың күресіне анонс берді. Сосын Кеген ауданындағы Ереуіл ауылында асфальт төселіп жатқан видеоны жүктеді.

Әрине, асфальт пен Олимпиаданың байланысы жоқ. Дегенмен, Демеу финалға шыққан соң, мұны қалжың деп түсінгендер көп.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. Бірақ қазір ол Алматы облысының намысын қорғайды.

Олимпиадаға арналған PARIS промокоды бойынша 20 000 ₸ бонус алыңыз!

Париждегі Ойындардың ашылуына орай, FONBET жаңа клиенттерге арнайы Олимпиадалық бонус 20 000 ₸ ұсынады!

Қалай алуға болатынын жоғарыдағы суреттен оқыңыз және PARIS промокодымен мына сілтеме арқылы тіркеліңіз: http://www.fonbet.kz/s/Rb4Irh 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам