Парижге барған ең жас қазақстандық алғашқы қарсыласын ұтты

Енді Батырхан ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионымен күш сынасады

ҰОК
ҰОК

Париж Олимпиадасына барған ең жас спортшымыз Батырхан Төлеуғали (80 кг) алғашқы жекпе-жегінде Исмаэль Кулибалидан басым түсті.

Есеп: 2-1. Енді Батырхан ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен (Италия) күш сынасады.

Айта кетейік, Батырхан - жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы. Ал Мали таеквондошысы әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам