Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Күміс жүлдегер Демеу Жадыраевты жанкүйерлері сән-салтанатпен қарсы алды

10.08.2024, 10:04

Жанкүйерлері Жадыраевты иығына көтеріп, шапан жапты

Күміс жүлдегер Демеу Жадыраевты жанкүйерлері сән-салтанатпен қарсы алды
Алматы әкімдігі

Грек-рим күресінен Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты Алматы халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. Жанкүйерлері Жадыраевты иығына көтеріп, шапан жапты.

Олимпиада жеңімпазын Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады. Ол Демеу Жадыраевтың жетістігінің маңыздылығын айта келе, 77 келі салмақта жерлесіміздің жеңіп алған күмісі, қазақ күресі үшін тарихи оқиға екенін атап өтті.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылынан шыққан Демеу Жадыраев, 12 жасынан күреспен айналыса бастаған. Тынымсыз жаттығулар мен жарыс жылдарында ол айтарлықтай жетістіктерге жетті: Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ спорт және туризм академиясының шебері, әскери қызметкерлер арасында Азия және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанды.

Париждегі Олимпиада ойындарында Жадыраев шешуші белдесуде жапондық атақты палуан Нао Кусакамен кездесті. Қарқынды күреске қарамастан, қорытынды есеп 5-2 Нао Қусаканың пайдасына берілсе де, Демеу Жадыраевтың жетістігін төмендетпейді. Жадыраев ширек финалда қырғызстандық Ақжол Махмудовты сенсациялық жолмен жеңсе, жартылай финалда әзірбайжандық Санан Сулеймановты 6:1 есебімен ұтты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы – өз жетістіктерін мақтан тұтып, жарыстан жеңіспен оралған, жастарға үлгі боларлық спортшыны жарқын әрі жылы қарсы алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам