Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Демеудің жетістігі – немеремнің несібесі». Биыл балуанның 5 жыл күткен тұңғышы дүниеге келген

10.08.2024, 20:48

Демеу Жадыраевтың анасы ұлының жеңісі туралы айтты

«Демеудің жетістігі – немеремнің несібесі». Биыл балуанның 5 жыл күткен тұңғышы дүниеге келген
әлеуметтік желі

Демеу Жадыраев Париж олимпиадасына жолдама ұтып алғанда келіншегі 5 жыл күткен тұңғышы Дананы дүниеге әкелген. Олимпиаданың күміс жүлдегерінің анасы Күлипа Бижанова немересінің қадамы құт болып, ұлының биік белесті бағындырғанын айтады.

«Бішкекте Олим­пиадаға жолдама ұтып алды. Сол жарысқа барғанда ке­лінім босанып, немерелі болдым. Демеудің бес жыл күткен тұңғышы – Дана қызым өмір есігін ашты. Немеремнің аяғы алтын! Демеудің Париждегі жетістігі – немеремнің несібесі. Асыға күткен немереміз әкесінің жолын оңғарып, жетістікке же­туіне септігін тигізді. 
Боз кілемде ұлымның өз-өзіне сенімді болғанын байқауға болады. Оның күмісі біз үшін алтынға бергісіз! Финалды үйде қала және ауыл әкімі, Талдықорған, Қапшағай, Алматыдан кел­ген журналистер және туыстармен отырып бірге тама­шаладық. Алматыдағы ұл-қыздарымды да шақырып алдым. Демеудің жары үш айлық баламен үйде отырған соң келе алмады. Адам саны көп болғандықтан, үйде көруге мүмкіндік бол­мады. Сондықтан аулаға теледидар қойып, бәріміз бірге көр­дік. Сонау Кегеннен Нұрбақыт келді. Оның анасы да қасымыздан табылды. Осындай сәтте қуанышымызды бөліскен оларға алғысым шексіз», – деді ол turkystan.kz-ке берген сұхбатында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам