“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Олимпиада ұйымдастырушылары Тәжікстан мен Таиландтың туын шатастырды

11.08.2024, 20:08

Ұйымдастырушылар келеңсіз жағдайға түсініктеме бермеді

Олимпиада ұйымдастырушылары Тәжікстан мен Таиландтың туын шатастырды
Видеодан кадр

Парижде аяқталған Олимпиада ойындарында спортшыларды марапаттау рәсімінде келеңсіз жағдай болды.

Бокстан қола медаль еншілеген тәжік атлеті Давлат Болтаев өз елінің емес, Таиланд туының көтерілгенін көруге мәжбүр болды. Себебі Олимпиада ұйымдастырушылары екі елдің туларын шатастырып алған. Тәжікстанның қызыл-ақ-жасыл түсті жалауының орнына қызыл-көк-ақ түсті Таиландтың туы биікке көтерілді.

Әзірге неліктен бұлай болғаны және мұндай жағдайлар қайталанбас үшін қандай шара қолданылатыны белгісіз.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам