Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы да шуға қалды

14.08.2024, 11:54

Жоғарғы сот оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен болатын

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тағы да шуға қалды
Видеодан кадр

Даңқты балуан, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды бұзды деп айыпталды.

Бұған дейін мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қолынан жапа шеккен адвокат Анна Чернова Нұрасыл Болаттың Алматыда түнде қыдырып жүрген видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Жоғарғы сот оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен болатын. Демек, Нұрасыл Болат тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне (Нұрасыл Астанада тіркелген) үнемі есеп беріп тұруы керек.

«Құқық бұзушылықтардың көптігі сонша, қылмыстық атқару жүйесі комитеті (КУИС) инспекциясына сұрағым бар. Бұл өзі қалай? Меніңше, бізде заңның орындалу жағы адамдардың статусына байланысты орындалады. Кейбіреулер үшін бұл жай ғана қылмыстық құқық бұзушылық үшін сот пен атқарушы жүйенің сыйы. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне айтарым - Мәжіліс депутатының ұлына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауыңызды сұраймын», – дейді ашуланып Анна Чернова.

Айта кетейік, Жоғарғы cот 2024 жылдың күзінде екі заңгерге шабуыл жасаған Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың үкімін өзгерткен. Сот осыған дейінгі инстанция бекіткен айыппұл төлеу жазасын екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырған болатын. Сондай-ақ моральдық зиянды өтеу сомасы әрқайсысына 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Еске салсақ, 2023 жылдың 11 ақпанында әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам