“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстандағы ең бай олигарх таеквондо федерациясындағы қызметінен босады

16.08.2024, 18:20

Ол – Kaspi bank директорлар кеңесінің төрағасы және байлығы 5,8 млрд долларды құрайды

Қазақстандағы ең бай олигарх таеквондо федерациясындағы қызметінен босады
Kaspi bank

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким федерация президентінің қызметінен кетті. Сондай-ақ, вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Қондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та орындарын босатты.

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлаған.

«2013 жылы таеквондо федерациясына тағайындалғалы бері осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету басты мақсатым болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламын. Күн сайын ҚТФ командасы мен мен спортшыларымыздың өсуі мен дамуына жағдай жасау үшін жұмыс істедік. Қазақстандық таеквондошылар халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетті және оларды бұдан да көп жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Бүгін бұл эстафетаны тапсыру барысында мен осы жолда болған әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушыларға және бізді қолдаған барлық адамға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл керемет жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін. Сенім білдіргендеріңізде рахмет! Қазақстан таеквондосын алда талай жаңа жетістіктер күтіп тұр деп сеніммен айта аламын. Біздің ортақ жұмысымыз осы спортпен айналысатындардың барлығына пайда мен қуаныш әкелсін», - деді Ким.

Естеріңізде болса, даянг өкілдері Париж олимпиадасынан жүлдемен ораламыз деп сөз берген. Алайда Франция астанасына аттанған таеквондошыларымыз жарыс жолын ерте аяқтады.

Вячеслав Ким Америкалық Forbes журналының миллиардерлер тізімінде қазақстандықтар арасында бірінші орында тұр. Kaspi қаржылық компаниясының құрушысы және Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасының байлығы 5,8 млрд долларға есептелген. Оның байлығы бір жылда 2,8 млрд долларға өскен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам