“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Елеусіз қалған» Нариман Құрбановқа отандық компания автокөлік сыйлады

17.08.2024, 00:23

Ол енді су жаңа автокөлікпен қатынайды

«Елеусіз қалған» Нариман Құрбановқа отандық компания автокөлік сыйлады
Allur

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақстандық Нариман Құрбанов көлікті болды. Алматылық автокомпания оған Škoda Kodiac кроссоверін сыйға тартқан.

Айта кетейік, Олимпиадада жүлде алған қазақстандық спортшыларға елде ерекше сый-құрмет көрсетілгенде, Нариман назардан тыс қалған еді. Жанкүйерлер болса ірі кәсіпкерлерді спортшыға лайықты құрмет көрсетуге шақырған. Алғашқылардың бірі болып Allur компаниясы үн қатты.

«Отандық компания жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мен әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады», - деді спортшы.

Айта кетейік, діл осы күні дзюдошы қыздар Абиба Абужақынова мен Есмигүл Куюловаға атыраулық кәсіпкерлер Zeekr электромобилін сыйға тартқан болатын. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам