«Көзім қысық болғаны үшін айыптымын»: Ресейде нәсілшілдік құрбаны болған балуан қыз суицид жасады

Telegram WhatsApp

Жаңа орта оны қабылдамай, үнемі буллинг жасап келген

Фото әлеуметтік желіден
Фото әлеуметтік желіден

Ресейде самбошы қыз Ксения Челпанова өзіне қол салып қайтыс болды. Таулы Алтайдың тумасы Новосибирск қаласына көшіп келіп, спорттық мансабын жалғастырмақ болған екен. Алайда, жаңа орта оны қабылдамаған. Мұны ол өлер алдында қалдырған хатында жазып кетіпті. 

Марқұмның айтуынша, жаңа таныстары оны жиі мазақ етіп, «қызықкөз» деген лақап ат қойып алған. Көргенде түртпектеп, мазасын жиі алатын көрінеді. Буллингке шыдамаған ол ақыры суицидке барды. 

17 жастағы спортшының қазасы туралы ең бірінші болып Новосибирск аймақтық самбо федерациясы «ВКонтакте» әлеуметтің желісінде жазды.

«Мен бәлкім жақсы адам болмаған шығармын. Бірақ жаман адам дейтіндей әрекет істемедім. Менің кінәм қанша? Көзімнің қысық болып туғаны үшін жазықтымын ба? Терімнің қаралау болғаны да менің кінәм болып санала ма? Мен ешқашан ұлтым үшін ұялған емеспін. Алайда, кейбір адамдар маған қатысты өрескел әзілдеуін қоймады»

деп жазылған Ксенияның қоштасу хатында

Спортшы қыз Мәскеуге үш рет барып, үшеуінде де нәсілшілдіктің құрбаны болғанын жазыпты. Сондай-ақ, ол суицидке баруына жігітімен болған кикілжіңнің еш қатысы жоқ екенін де жеткізген.

Ксения Челпанова екі жыл бұрын Таулы Алтай қаласынан Новосибирсктегі олимпиадалық резерв колледжіне оқуға түскен болатын. Осыған дейін аймақтық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға қол жеткізіп, І разрядты иеленген екен.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 43 742 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 60 286 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 195 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 93 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 88 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 528 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 348 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 538 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 294 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 176 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 318
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›