Бибісара Асаубаева Тбилисиде өткен Гран-приде екінші орын алды

24.08.2024, 23:49

Ол тоғыз ойынның жетеуінде тең ойнаған

Бибісара Асаубаева Тбилисиде өткен Гран-приде екінші орын алды
Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Тбилисиде (Грузия) әйелдер арасында өткен ФИДЕ Гран-приінде екінші орын алды.

Асаубаева турнирді 5,5 ұпаймен аяқтады – ол екі рет жеңіске жетіп, жеті рет тең ойнады. Бірінші орынды 6 ұпаймен Польша өкілі Алина Кашлинская иеленді – үш жеңіс және жеті тең ойын. Үздік үштікті 5 ұпай алған грекиялық шахматшы Ставрула Цолакиду түйіндеді – бір жеңіс және сегіз тең ойын.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – блицтен екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2021 және 2022 жылдардағы әлем біріншіліктерінде топ жарған. Сонымен қатар, 2021 жылы осы жарыс түрінен жеңіске жеткен ең жас шахматшы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам