Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Ештеңе қарамай күресе берді»: Алмат Кебіспаев Демеу Жадраев жетістігіне баға берді

26.08.2024, 16:58

Ол Олимпиаданың финалына дейін жеткен болатын

«Ештеңе қарамай күресе берді»: Алмат Кебіспаев Демеу Жадраев жетістігіне баға берді
olympic.kz

Париж Олимпиадасында жүлде алған Демеу Жадраевқа қатысты оның әріптесі Алмат Кебіспаев пікір білдірді. Әлем чемпионатында 5 мәрте жүлдегер атанған спортшы Парижде күміс медаль иеленген Демеудің табандылығына таңданысын жасырмады.

«Бізде жас спортшыны әлі жас деп, шетке ысырады. Жасың біразға келіп қалса, сені қартайғандардың қатарына жатқызады. Ал, Демеу болса ешқандай шектеудің жоқ екенін дәлелдеді. 

35 жасқа аяқ басса да, төзім мен еңбектің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Яғни, көп адамның сөзін елемей, еңбектеніп, сеніп, алға басу керек. Демеу бауырымыз осыған нағыз үлгі бола алады. 

Кім лайық болса, жасына да, басқасына да қарамастан, ірі жарыстарға бару керек», - деді Кебіспаев Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Демеу Жадраев Париж Олимпиадасында 77 келіде белдесіп, финалға дейін жетті. Ол іріктеу кезеңдерінде Колумбия, Қырғызстан, Әзірбай балуандарын ұтты. Ал финала жапон спортшысына қарсы белдесуде есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам