Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Конькимен жүгіруден Әлем кубогінде қазақстандық жасөспірімдер алтын және күміс жеңіп алды

04.12.2023, 10:58

Тағы екі спортшымыз үздік ондыққа енді

Конькимен жүгіруден Әлем кубогінде қазақстандық жасөспірімдер алтын және күміс жеңіп алды
Instagram

Италияның Ренон қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер және нео-сеньорлар арасында Әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық конькишілер бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды деп хабарлады Қазақстан конькишілер одағы.

«Жарыстың екінші күнінде біздің екі спортшы қызымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Нео-сеньорлар арасында 500 метрге жүгіруде Маргарита Артьемева (40.04 секунд) чемпион атанса, дәл осы қашықтықта Инесса Шумекова күміс медаль иеленді. Үшінші орын норвег конькишісі Вилде Баасқа бұйырды.

Сондай-ақ, үздік ондыққа Қазақстан сапынан Арина Ильященко (7-орын), Мария Кузнецова (8-орын) кірді», - делінген аталған хабарламада.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам