Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елдос Сметовтің басты қарсыласы Париж олимпиадасына қатыспайтын болды

04.12.2023, 10:26

Ол Елдос Сметовпен 2011 жылдан бері 5 рет кездесіп, барлығында жеңіске жеткен

Елдос Сметовтің басты қарсыласы Париж олимпиадасына қатыспайтын болды
olympic.kz

Дзюдодан Токио олимпиадасының чемпионы Наохиса Такато Парижде өтетін олимпиада ойындарына қатыспайтыны белгілі болды. Оның орнына 60 келіде Жапония атынан Рюдзу Нагаяма күреседі.

Әлемдік дзюдода ұзақ жылдар бойы үздіктер көшін бастаған Такато 2-3 желтоқсан күндері Токиода өткен Гранд Слэм бәсекесінің финалында Рюдзу Нагаямадан ұтылып қалған. Екеуара бәсекеден кейін бапкерлер Олимпиадаға кімді апару керектігін туралы шешім қабылдады.

2012 жылдан бері Жапония құрамасында өнер көрсеткен Такато Риода қола жүлдегер атанса, Токиода өткен олимпиадада чемпион болған еді. Ол сол жолы жартылай финалда қазақстандық Елдос Сметовтен басым түсті.

Наохиса Такато осыған дейін 4 рет әлем чемпионы, 1 мәрте қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 2021 жылы Азия чемпионатында жеңіске  жетті. Ол Елдос Сметовпен 2011 жылдан бері 5 рет кездесіп, барлығында жеңіске жеткен.

Ал Токио Гранд слэмінің финалында Такато есе жіберген Рюдзу Нагаяма 2019 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде үшін кездесуде отандасынан басымдық танытқан болатын. 

Бұған дейін Такато 2028 жылы өтетін Олимпиадаға дейін күресететінін мәлімдеген. Бүгінде 30 жастағы татами шебері алдағы маңызды жарыстан тыс қалатын болғандықтан ендігі кезекте мансабын аяқтауы да мүмкін екені болжанып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам