“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Жамбылдық параспортшыға 2 бөлмелі пәтер мен көліктің кілті табысталды

13.09.2024, 21:18

Жеке жаттықтырушысына Haval M6 көлігі сыйға тартылды

Жамбылдық параспортшыға 2 бөлмелі пәтер мен көліктің кілті табысталды
Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбылдықтар XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиді қошеметпен қарсы алды.

Алдымен параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері «Әулие-Ата» халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоқтарымен күтіп алып, жылы лебіздерін білдірді.

Бұдан соң «Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Өңір басшысы жүзу шеберін айтулы жеңісімен құттықтап, жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді. Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиада ойындарындағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды. Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетіліп, Haval M6 автокөлігінің кілті берілді.

Салтанатты шарада параспортшының жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев та құттықтау сөз сөйледі.

Айта кетейік, XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына 4 жамбылдық спортшы ел намысын қорғап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Оның ішінде Нұрдәулет Жұмағали мен Зульфия Габидуллина (пара жүзу), Өмірәлі Нышан (пара таеквондо) және Салтанат Әбілхасымқызы (пара жеңіл атлетика) бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам