Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек өзінің қандай келін екенін айтты

17.09.2024, 17:30

Спортшының сөзіне қарағанда, ол қазір үй шаруаларынан босатылған

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек өзінің қандай келін екенін айтты
ҰОК

Дзюдодан Париж паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек өзінің қандай келін екенін айтты. Спортшының сөзіне қарағанда, ол қазір үй шаруаларынан босатылған.

«Бұл сұрақты енемнен, екінші анамнан сұраған дұрыс болар. Анам мақтап отырады. Келін ретіндегі міндетімді ұмытпауға тырысып, үйде барлық шаруаны атқарамын. Қазір түрлі іс-шараларға шақырып, қонақтан-қонақ жүрміз. Бас тарта алмайсың, құрмет көрсетіп шақырып жатқан соң бару керек. Сондықтан қазір үйдегі тірліктен толықтай босатылдым, бірақ бәрі біткен соң қарапайым Ақмарал болып міндеттеріме кірісемін. Бұйыртса, тағы 10 күннен кейін жаттығуды бастаймын деген жоспар бар. Қазір денсаулық жағдайымды реттеп, жарақаттарымды емдеп алуым керек», - деді Ақмарал Науатбек.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам