Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Талдықорғандағы волейбол орталығының ашылуына Тасмағамбетовтің күйеу баласы келді

18.09.2024, 16:21

Спортшыларға арналған тұрғын үй инвестордың қаражатына салынған

Талдықорғандағы волейбол орталығының ашылуына Тасмағамбетовтің күйеу баласы келді
instagram/jetisu_akimdigi

Бүгін Талдықорғанда «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған заманауи волейбол орталығының, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылуы өтті.

Волейбол орталығында ерлер мен әйелдер құрамаларының негізгі командалары, жастардың қос командалары үшін екі бөлек жаттығу залы бар.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев салтанатты шарада волейбол орталығы жергілікті бюджеттен, ал спортшыларға арналған тұрғын үй инвестордың қаражатына салынғанын атап өтті. Сосын Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы, кәсіпкер-меценат Кеңес Рақышевқа алғысын білдірді. 

Спортшыларға арналған тұрғын үй ғимараты 41 орынға арналған. Жалпы ауданы 3 мың шаршы метрден асады. Жертөлелері бар төрт қабатты ғимараттың 2 кіреберісі бар. Бірінде 12 бір бөлмелі, 3 екі бөлме бар. Бұл бөлмелерге шағын отбасылар қоныстануға болады. Екіншісінде 26 бөлме бар. Үйде барлық қажетті санитарлық-тұрмыстық құрал қамтылған. Оның ішінде ас үй мен кір жуатын, жуынатын арнайы бөлмелер де қарастырылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам