Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Ең алдымен адам болып қалу керек». Жалолов қарапайымдылығының себебін түсіндірді

19.09.2024, 13:35

Боксшы адамгершілігіңе қарап құрметтейді деп отыр

«Ең алдымен адам болып қалу керек». Жалолов қарапайымдылығының себебін түсіндірді
Видеодан кадр

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов адам ең алдымен адами қасиетін бойында сақтап қалуы керектігін айтты.

Танымал өзбекстандық боксшы сені атақ-дәрежеңе, мәртебеңе қарап емес, адамгершілігіңе қарап құрметтейді деп отыр.   

«Анам мұғалім, сондықтан ол кісі біздің тәрбиемізге ерекше мән беретін. Кішкентайымыздан кішіпейіл болуға, кішіге – ізет, үлкенге құрмет көрсетуді бойымызға сіңірді. Одан қалды бапкерлеріміз де алдымен адам болып қалыптасуымызға атсалысты. Спортта ең алдымен тәртіп керек, сонда ғана нәтиже болады.

Сіз он мәрте әлем, он мәрте олимпиада чемпионы болсаңыз да бәрібір. Ең алдымен адам болып қала алмасаңыз, сізді ешкім құрметтемейді. Алланың алдында бәріміздің дәрежеміз бір. Сіз бен менің дәрежем бірдей. Бәріміздің баратын жеріміз бір. Сол үшін бәріне бірдей құрметпен қарау керек. Алла бізге нендей мәртебе, нендей нығмет нәсіп еткен. Сондықтан өз басым тура жолдан таймай, адамдардың артымнаны мен туралы тек жақсы пікір айтқанын қалаймын. Әрине, барлығына бірдей назар аудару, көңілін табу мүмкін емес, бірақ шамаң жеткенше кез келген адаммен жақсы қарым-қатынаста болған жөн», - деді Баходир Жалолов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам