Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан көшпенділер ойынына 5,7 млрд теңге жұмсап, 20 есе шығынға батты

19.09.2024, 15:54

Көшпенділер ойынынан түскен табыс 300 миллион теңгені құраған

Қазақстан көшпенділер ойынына 5,7 млрд теңге жұмсап, 20 есе шығынға батты
Туризм жəне спорт министрлігі

Қазақстанға1-13 қыркүйек аралығында келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті. Оның 68 мыңы елімізге Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, қалғандары авто және темір жол көлігімен келген.

Шетелдік туристер санының көбеюіне ықпал еткен негізгі факторлар – Дүниежүзілік көшпенділер ойынының өтуі мен танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті. Аталмыш шараларға 89 мемлекеттің азаматтары келген.

«Шетелдік қонақтар негізінен Қытай, Ресей, Үндістан және Германия сынды мемлекеттерден келді. Мысалы, Қытайдан 33 мыңнан астам, Үндістаннан 6 мыңнан астам, Германиядан 4 мыңнан астам туристтің Қазақстанға келуі тіркелген. Әлбетте, бұл деректер Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді»,- деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Вице-министрдің сөзінше, туристердің едәуір бөлігі Германия, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, АҚШ және Оңтүстік Кореядан келген.
 
EQonaq жүйесі Астанада 12 400-ге жуық шетелдік турист тіркеді. Олардың тұруға, көлікке, тамақтануға және ойын-сауыққа жұмсаған жалпы шығындары 15,5 млн АҚШ долларын немесе 7,5 млрд теңгені құраған. Алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны 1500 доллардың шамасында. Демек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келушілер ел экономикасына қосымша 625 мың АҚШ доллар қосқан.
 
Айта кету керек, елорданың танымал туристік нысандарына 7-13 қыркүйек аралығында келушілер саны артқан. Қазақстанның Ұлттық музейі 14 мыңнан астам адамды қабылдап, «Астана-Бәйтерек» монументіне 15 мыңға жуық турист, ал «Нұр-Әлем» павильонына 10 мыңға жуық адам келген. Этноауыл мен ойындардың өзін көруге 250 мыңнан астап адам келген.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар ел экономикасына қосымша 625 мың АҚШ долларын немесе 300 миллион теңгеден астам қаражат пайда әкелді. Еске сала кетсек, ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 5,7 миллиард теңге бөлінген, бұл жиналған қаражаттан шамамен 20 есе көп. Алғашқыда Ойындарға дайындыққа арналған бюджет көлемі одан да жоғары болған, бірақ көктемгі су тасқындарына байланысты үнемдеу мақсатында қысқартылған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам