Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

20.09.2024, 12:35

Ал Қазақстан ерлер құрамасы 41-орында тұр

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді
Қазақстан шахмат федерациясы

Венгрия астанасында өтіп жатқан 45-ші шахмат Олимпиадасының 8-ші туры аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы Францияны жеңіп, Үндістан және Польша құрамаларымен бірге көшбасшы үштікке кірді.

 

Шешуші турда Қазақстан құрамасы керемет ойын көрсетті. Француз ойыншысы Дейманте Даулите-Корнетттің (2369) қорғаныс шебін талқандаған біздің әйелдер құрамамыздың көшбасшысы Бибісара Асаубаеваның (2482) және Полин Гишарға (2374) мат қойған Алуа Нұрманның (2324) ең мықтылардың қатарында екені еш күмәнсіз. Екеуінің жеңісі Меруерт Камалиденованың (2552) Софи Мильеден (2348) жеңілгенінің орнын толтырып, Әмина Қайырбекова (2243) мен Наташа Бенмесбаның (2258) арасында бітімгершілік келісім жасалуын тездетті.

 

Үндістан құрамасы алғашқы екі тақтада поляктардан ұтылып, алғашқы ұпайларынан айырылды: Алина Кашлинская (2490) Харика Дронаваллиді жеңсе, гроссмейстер Моника Соцко (2422) Вайшали Рамешбабудан басым түсті. 9-шы турда Қазақстан құрамасы осы жеңімпаздармен кездеседі.

8 турдан кейін: Үндістан, Польша және Қазақстан – 14 командалық ұпайдан, АҚШ, Армения мен Украина – 13, Қытай, Швейцария, Вьетнам, Испания, Германия, Англия, Болгария, Франция, Түркия, Грузия және Нидерланд – 12, Венгрия, Иран, Әзірбайжан, Сербия, Моңғолия, Австрия, Израиль, Өзбекстан, Италия, Канада, Бангладеш және Мексика – 11 командалық ұпадан жинады. Барлығы – тіркелген 183 команданың 169-ы.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы 41-орында тұр. 9-шы турда жігіттеріміз Моңғолия құрамасымен (2394, № 63) кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам