Спортшы бос уақытын жақындарының қасында өткізіп жатыр
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың спорттық мансабы көпшілікті қызықтыратыны анық. Ол жанүйерлерінің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.
Балуан үнемі жарыстардан соң бірден жаттығуға кетіп, отбасымен бірге уақыт өткізе алмағанын да атап өтті.
«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім. Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын. Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым», - деді Демеу.
Айта кетейік, бапкер Боранбек Қоңыратов Демеудің ел білмейтін құпиясын бөліскен еді.