Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Министр отандық бапкерлердің айлығына қатысты былықты ашты

27.09.2024, 21:43

Қаржы бөлуде қателік кеткені белгілі болды

Министр отандық бапкерлердің айлығына қатысты былықты ашты
Туризм және спорт министрлігі

Жаңадан тағайындалған туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасына сұхбат беріп, бапкерлердің айлығына қатысты бірқатар былықтың басын ашты. Ведомство басшысы қаржы бөлуде кеткен қателікті де атады.

«Бағдарламаға анализ жасасақ, біз 7-8 спорт түрінен әр Олимпиадада нәтиже бергенбіз. Бірақ сол спорт түрлерінің ел ішінде дамуы… Мысалы, 20 өңір 20 бағытта жұмыс істеген. 20 өңір 20 бағытта жұмыс істесе, тек республикалық бюджетпен Олимпиадада топ жару мүмкін емес. 20 өңір қалай бөлек жұмыс істеді? Осы жерде қателік кеткен. Мысалы, олимпиадалық емес спорт түрлеріне қаржы тым көп бөлінген. Олимпиадалық спорт түрлерінде қаражат аз болған», — дейді ведомство басшысы.

Министр жүйедегі кемшілік салдарынан бапкерлердің айлығында да әділетсіздік пайда болғанын алға тартты.

«Олимпиадалық емес спорт түрлерінің ішкі жарыстарда да, халықаралық жарыстарда да нәтиже көрсеткені үшін жалақыға қосылатын пайызы олимпиадалық спорт түрлерінің үстемесімен бірдей болып қойылып кеткен. Олимпиадалық спорт түрінде 200-ге жуық мемлекет бәсекеге түседі. Олимпиадалық емес спорт түрінде 10-15 мемлекет қатысады. Қайсысында нәтиже көрсету оңай? Оның ішінде жылына екі рет әлем чемпионаты өтетін спорт түрлері бар. Соның бәрін жинап келген жаттықтырушы олимпиадалық спорт түрінің жаттықтырушысынан 10 есе, 15 есе артық айлық алады. Осының салдарынан бокс, жүзу, нысана көздеу сияқты спорт түрлеріне қарағанда пауэрлифтинг, армрестлинг сияқты спорт түрлері дамып кеткен. Әрине, оның бұқаралық эффектісі жақсы болуы мүмкін. Бірақ халықаралық аренада олимпиадалық спорт түрлерінің нәтижесі есепке алынады», — деді Ербол Мырзабосынов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам