Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Еліміздің екі дзюдошысы әлем чемпионатының қоласы үшін белдеседі

04.10.2024, 15:25

Бұған дейін Талғат Орынбасар екі дүркін қола жүлдегер атанған еді

Еліміздің екі дзюдошысы әлем чемпионатының қоласы үшін белдеседі
t.me/kazjudoteam

Душанбеде жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық екі дзюдошы қола үшін күресуге мүмкіндік алды.

Тәжікстан астанасында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Маңызды турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан 81 келіде Азат Күмісбай мен 90 келіде Асқар Біржанов үшінші орын үшін белдесуде татамиге шығады.

Азат Күмісбай әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін тәжікстандық Сунатулло Мусоевпен белдессе, 90 келіде Асқар Біржанов Молдова спортшысы Вадим Гнимбовщимен сарапқа салады.

Бұған дейін еліміздің жастар құрамасынан 60 келіде белдескен Талғат Орынбасар әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам