Ол Тәжікстан балуаны Сунатулло Мусоевты қапы қалдырды
Душанбеде дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты қазақстандық Азат Күмісбай қола жүлдеге қол жеткізді.
81 келіде бақ сынаған отандасымыз үшінші орын үшін күресте Тәжікстан балуаны Сунатулло Мусоевты қапы қалдырды.
Бұған дейін ұлттық құрама мүшесі Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.
Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтуде. 7 қазанда аяқталатын турнирде 67 елдің 531 дзюдошысы қатысып жатыр.