Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ардақ Назаровтың Әлия Назарбаеваның оққағары болғаны қаншалықты рас?

16.10.2024, 14:52

Депутаттың бұрын спортшы кезінде Әлия Назарбаеваны қорғағаны жиі жазылады

Ардақ Назаровтың Әлия Назарбаеваның оққағары болғаны қаншалықты рас?
Видеодан кадр

Өзін ережесіз жекпе - жектен әлемнің үш дүркін чемпионы деп таныстыратын, қазіргі Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның оққағары болғанын жоққа шығарды.

Баспасөз беттерінде, желіде қазіргі депутаттың бұрын спортшы кезінде Әлия Назарбаеваны қорғағаны жиі жазылады.

«Мен Назарбаевтың отбасынан ешкіммен байланысқан емеспін. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзімен де кездескен емеспін. Әлияның атынестігенім болмаса, оққағары болмағанмын. Өздеріңіз білетіндей,10 жыл кәсіби спортшы ретінде спортзалда жүрдім. Шетелде жарыстарға қатыстым. Сол кездегі ақпараттарда «оққағары» деп жазылған. Алайда ондай жұмыс істемегенмін», - дейді Ардақ Назаров.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам