30 жастағы велошабандоз бір жылдық келісімшартқа қол қойды
30 жастағы италиялық велошабандоз Фаусто Маснада Astana Qazaqstan Team командасының мүшесі атанып, 2025 жылғы маусымға бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
Фаусто Масна 2019 жылы «Джиро д’Италия», 2021 жылы «Ломбардия Турында» екінші орын және «Романдия Турының» жалпы есебінде үшінші орын, сондай-ақ 2022 жылы «Оман Турының» жалпы классификациясында екінші орын алған.
«Біз Фаусто Маснаны Astana Qazaqstan Team құрамында қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Фаусто — көпкүндік жарыстарда, таулы кезеңдерде және классикалық жарыстарда үздік нәтижелер көрсеткен тәжірибелі шабандоз. Оның әлеуеті әлі де толық ашылмағанына сенімдімін. Соңғы маусымдарда ол белгілі бір қиындықтарға тап болғанымен, біздің командада өзінің мүмкіндіктерін қайта ашып, жоғары деңгейге оралады деп ойлаймын. Оның табандылығы, еңбекқорлығы және күрделі жолдарда нәтижелер көрсету қабілеті біздің алдымызға қойған міндеттерімізге толық сәйкес келеді. Командамыздың жейдесімен оның алғашқы старттарын асыға күтеміз және оның жобаға үлкен үлес қосатынына сенімдіміз», — деді Astana Qazaqstan Team-нің бас менеджері Александр Винокуров.