Ол қарсыласының сауығып кетуін тіледі
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жегі өтпейтіні туралы жағдайдан кейін пікір білдірді.
Ол жартылай орта салмақтағы UFC чемпионына қатысты Х желісінде жазба жариялады.
«Белалдың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Амандық болса, сен 100% жазылған кезде жолығамыз. Ал әзірге мен уақытша титул үшін UFC 310 турнирінде кез келгенімен жекпе-жекке шығуға дайын отырмын», - деп жазды Рахмонов.
Бұған дейін Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов маңызды жекпе-жек үшін желтоқсан айының 7-і күні айқасуы тиіс болған. Бұл сын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирі ретінде қарастырылған еді.
Алайда Белалдың денсаулығына байланысты бас тартуы бұл сынды кейінге ысырып отыр. Бірақ жекпе-жек өтпейтін болды.