ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Ауылдарда 74 спорт ғимараты салынып жатыр

12.11.2024, 14:13

2028 жылға дейін ауылда 100 спорт ғимаратының құрылысы жоспарланған

Ауылдарда 74 спорт ғимараты салынып жатыр
BAQ.KZ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев спорт нысандарын салуға бюджеттен бөлінген қаржының қалай жұмсалып жатқанын айтты.

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетте «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында өңірлерде жалпы сомасы 83 173 млн теңгеге 301 мәдениет және спорт объектісін салуға және реконструкциялауға шығыстар (2024 жылға – 78 600 млн. теңге, 2025 жылға – 4 573 млн. теңге) көзделген. АMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 1 245 мәдениет нысанын (220 құрылыс, 1 025 жөндеу жұмыстары) салу және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деді ол Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

2021 жылдан бүгінге дейін 926 нысан салынып, жөндеуден өткен. Биыл 45 нысанның құрылысы жоспарланған.

«Сонымен қатар спорттық инфрақұрылымды дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасына сәйкес, 2028 жылға дейін ауылда 100 жылдам салынатын спорт ғимаратының құрылысы жоспарланған. Биыл 25 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауылдық елді мекендерде 2028 жылға дейін 271 нысан салу және жөндеу жоспарланған. Оның ішінде: жаңа құрылыс (реконструкция) – 213, жөндеуге жататыны (күрделі және ағымдағы жөндеу) – 58. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында осы жылы 74 нысанның құрылысы жүргізілуде», - деді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам